Қазақстанда жүрісі бар жеңіл автокөліктердің бағасы рекордтық түрде төмендеді: бір айда олар 2016 жылдан бері болмаған қарқынмен арзандады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының дерегінше, шілдеде екінші нарықтағы автокөліктер маусыммен салыстырғанда 3,8%-ға арзандады. Бюро 2016 жылдың қаңтарынан бері жүргізіп келе жатқан бақылау тарихында мұндай айлық төмендеу бұрын-соңды болмаған. Бұған дейін дәл осындай қарқын 2024 жылдың маусымында байқалған еді.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы тоғыз айдың жетісінде екінші нарықтағы жеңіл автокөліктер орта есеппен айына 1,4%-ға арзандап келеді. Бұған дейін динамика дерлік нөлдік болғанын ескерсек, жылдық көрсеткіште де баға төмендеуде: 2025 жылдың шілдесіне қарай құлдырау 7%-ға жетті. Жалпы, жүрісі бар автокөліктердің айтарлықтай арзандауы соңғы жылдардың тән ерекшелігіне айналып келеді. Қазіргі жағдайға қарама-қарсы, 2022 жылдың сәуіріне дейін олардың құны ай қорытындысы бойынша 0,5% және одан жоғары қарқынмен өте сирек төмендейтін.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаңа жеңіл автокөліктер де арзандап жатыр. Бұл үрдіс қатарынан он ай бойы жалғасуда, шілдеде қарқын 1%-ды құрады. Жылдық көрсеткіште, 2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда, жаңа автокөліктердің құны 12,2%-ға төмендеген.
Ал авторынок сарапшылары нақты жағдай ресми статистикадан біршама өзгеше екенін айтады. Олардың пікірінше, екінші нарықтағы автокөліктердің бағасы әлі де жоғары, ал жаңа автокөліктердің құны шынымен төмендеп жатыр.


