Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Азық-түлік бағасы тағы да дүрбелең туғызды: Үкімет түсіндіреді, халық сенбейді

Қазақстанда шілде айының басында кейбір азық-түлік бағаларының бірнеше есе қымбаттайтыны жөніндегі ақпарат елді дүрліктірді. Әлеуметтік желілерде ұн мен күнбағыс майының бағасы тиісінше 44,6% және 61,2% өседі деген мәлімет тарады. Бұған үкіметтің ең төменгі бағаларды көтеру туралы шешімі түрткі болған.

Алайда Қаржы министрлігі бұл шектеулі бағаның дүкендерге емес, салықтық есептеу мақсатында белгіленгенін алға тартып, қарапайым халықтың қалтасына тікелей әсер етпейді деп мәлімдеді.

Дегенмен, қоғамда сенімсіздік басым. Сарапшылардың айтуынша, үкіметтің осындай шешімдері мен олардың салдарын түсіндірудегі әлсіздігі ел ішінде билікке деген экономикалық сенімсіздікті одан әрі тереңдетіп отыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама