Петропавлда футболдан екінші лига матчы кезінде «Қызылжар» мен «Алтай» командалары арасында ойын барысында қызықты оқиға болды: балалар тікелей эфирге шығып, қатты дауыспен әдепсіз сөздерді айқайлады, деп хабарлайды infohub.kz.

Нalyqstan Telegram-арнасында балалардың дыбыс жабдығына еш кедергісіз жақындап, YouTube-арнадағы тікелей эфирде анық естілетіндей балағат сөздері бар қорлайтын санамақты айқайлағаны туралы ақпарат пайда болды. Матч көрермендері бұл үзіндіні жедел түрде жазып алды, бірнеше сағат ішінде балалардың балағат сөздері жазылған видео спорттық пабликтер мен Telegram-арналарға тарады.

NUR.KZ тілшісі кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясынан түсініктеме ала алды. Онда бейнежазбаның таралуына байланысты ішкі тергеу жүргізілгенін хабарлады. Тексеру барысында матч үзілісі кезінде алаңның периметрі бойынша орналасқан және интершумды беру үшін қолданылатын микрофондардың біріне балалар қол жеткізгені, олардың әдепсіз сөздері тікелей эфирге түскені анықталды.

Дирекцияда әр микрофонды тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қиын екенін атап өтті, алайда тергеу қорытындысы бойынша болашақ трансляцияларда мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. «Осы эпизод үшін көрермендерден кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға рақмет», — деп қосты дирекцияда.