Балқашта куәгерлер зақымданған көліктің жолда жүріп бара жатқанын бейнеге түсірген. Кейін оның жарылған шинасы салдарынан жол-көлік оқиғасы болғаны анықталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бейнеролик news_agency_balkhash Instagram-аккаунтында жарияланды. Кадрларда көлік қозғалып бара жатқанда дөңгелектерінің астынан ұшқын шашылғаны көрінеді. Сондай-ақ көліктің капоты ашық тұрған болуы мүмкін — ол жүргізушінің жолды көруін жауып қалған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұған мысқылмен пікір білдірді: «Балқаш дрифті», «Елес гонщик», «GTA 6 шыққанға дейін үлгеруге асығып жүр».
Оқиғаның себебі — жарылған шина. Бұл туралы жазба астында Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«18 қарашада сағат 22:10 шамасында Балқаш қаласындағы Абай мен Мусин көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz, Toyota Camry және Changan CS75 көліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала деректерге сәйкес, Mercedes-Benz жүргізушісі жарылған шина салдарынан рульді басқара алмай, қалған екі көлікпен соқтығысқан», — деп түсіндірді полицияда.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


