2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда банк қызметі туралы жаңа заң күшіне енді, ол банктерді екі санатқа бөлді: әмбебап және базалық лицензиясы барлар. Базалық лицензия жаңа банктерді ашуды жеңілдетеді, бірақ операцияларға шектеулер енгізеді. Атап айтқанда, 13 қыркүйектен бастап базалық лицензиясы бар банктерде жеке тұлғалардың депозиттерінің максималды сомасын шектейтін қаулы күшіне енеді: теңгемен жинақ салымдары — 20 млн-ға дейін, басқа депозиттер мен ағымдағы шоттар — 10 млн-ға дейін, валюталық салымдар — 5 млн теңгеге дейін. Бұл ретте осындай бір банктегі барлық шоттар бойынша жиынтық қалдық 20 млн теңгеден аспауы тиіс. Дегенмен әмбебап лицензиясы бар банктерде мұндай шектеулер жоқ, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жаңа ережелер салымшылардың көпшілігіне әсер етпейді. «Учет» порталының атап өтуінше, базалық лицензия жаңа және шағын банктерге арналған, ал Қазақстандағы барлық жұмыс істеп тұрған банктердің әмбебап лицензиясы бар. Олардың қатарында: Freedom Bank, Halyk Bank, Kaspi Bank, Alatau City Bank, ForteBank, KMF Bank, Altyn Bank, Bank RBK, «Отбасы банк», «Ситибанк Казахстан», «Казахстан-Зираат Интернешнл Банк», «Евразийский банк», «Банк Китая в Казахстане», «Шинхан Банк Казахстан», «Банк ЦентрКредит», «Нурбанк», Банк ВТБ және басқалар. Қалған банктер қазіргі уақытта лицензияларын әмбебапқа қайта рәсімдеуде.

Осылайша, тек базалық лицензиясы бар банктер шектелген максималды сомалары бар депозиттерді ұсынатын болады, алайда қазіргі уақытта елде мұндай банктер жоқ.