Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Т. Құлыбеков атындағы орта мектеп,
мектепке дейінгі шағын орталығы
Жанар Жақсыбайқызы
«Бар әлем – мен үшін» мектепішілік акциясы
«Бар әлем – мен үшін» апталығы. Апталық аясында мектептегі психологиялық қызмет өз жұмысында «Мен өмірді таңдаймын!» атты тренинг - жаттығуды 5 - 11 сынып оқушыларымен бір апта бойы өткізді. Оқушылар «Мен өмірге дауыс беремін» деп, өз қол таңбаларын қойып, «өмірдің мәнді болуы - ел тыныштығына, бейбіт өмір сүруге, ата - анасының аман есен болуына, өздерінің бақытты өмір сүруіне» ниет - тілектерін айтып, ой - пікірлерімен бөлісті.
Тренинг - жаттығу мақсаты:
Оқушылардың өмірге қызығушылығын арттыру, өмірді мәнді де, сәнді өткізуге құштарлығын қалыптастыру;
Өзіне деген бағасын арттыру, эмпатиясын дамыту.
Нұсқау: Құрметті оқушылар!
Осы шеңберде әркім өз ойын ашық айту арқылы, өз өмірлеріңізге ризашылықтарыңызды айтуға мүмкіндіктеріңіз бар! Ол үшін ”Мен өміріме ризамын...” “Мен өмірді таңдаймын,... өйткені”, ”Мен өмірге дауыс беремін...” сөйлемін жалғастыру керек.
“Талдау”
Өз өміріңіздің жақсы, қызықты, мәнді болу үшін білім қажет пе? Денсаулық қажет пе? Өз дауысыңызды өмірге беру сәтінде, қандай сезімде болдыңыз?
“Өзіммен - өзім”
Сәл өзімізбен өзіміз болайық.
Тынышталып, еркін тыныс алып,
Көзімізді біраз жұмып, жайлап дем алайық.
«Мен өміріме ризамын, себебі ең бірінші өзімнің бар екендігіме осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын. Мен өміріме ризамын, себебі өзімді дүниеге алып келген ата - анам бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі достарым бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына, күннің
әдемі шуағына, таңымның арайлап атқанына. Мен өмірге ризамын,”Еліміздің тыныштығына, денімнің саулығына,”Егеменді елім, туған жерім барына. Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма!»
Қорытынды:
Менде сиқырлы қарындаш бар, бұл қарындаш кімнің қолына тисе, сол адам бүгінгі күнгі әсерімен бөліседі.
Бүгінгі тренинг барысында қандай сезімде болдыңыз?
Жалпы сізге ой сала алдық па?
Нәтижесінде оқушылардың өмірге жақсы көзқарастары қалыптасты. Өмірде өз орындарының бар екендігін түсіне алды.
Толық нұсқасын жүктеу
Бар әлем – мен үшін
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз544 қаралым
#психологиялық тренинг#мен өмірді сүйемін#мен өмірді таңдаймын тренинг жаттығу
Ұсынылады
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем: дәрігердің ауыр психоздар туралы әңгімесі
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем бригадасының дәрігері Нуритдин Абдуллаевпен сұхбат. Мақалада мамандықтың қиындықтары, қызықты жағдайлар және психикалық аурулар туралы мифтер қамтылған.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 26 ақпан
Түпсана – үміттің тамыры, болашаққа сенімнің бастауы
Адам жаны – терең мұхит іспетті. Оның бетінде сана тұрса, тереңінде түпсана жатады. Түпсана – біздің ойымызға, әрекетімізге, тіпті тағдырымызға әсер ететін көзге көрінбейтін күш. Бұл бейсаналық қаб...
Бердалы Ораз Ғабитұлы·2025 ж. 14 сәуір
Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Тақырып: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

