Астананың «Барыс» хоккей клубы Континентальды хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы үй сериясын минскілік «Динамодан» жеңіліспен бастады — «Барыс аренадағы» кездесу 1:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бірінші кезеңде шайба соғылмады. Есеп екінші кезеңнің ортасында ашылды: Мэйсон Морелли мен Чейз Прискидің пасынан кейін минскілік «Динамоның» қақпасын Джастин Бэйли дәл көздеді.

Екінші кезеңнің аяқталуына үш минут қалғанда беларусь клубының шабуылшысы Сэм Энэс есепті теңестірді. Соңғы жиырма минутта Энэс матч барысында екінші рет қазақстандық қақпашы Андрей Шутовтың қақпасын дәл көздеп, «Динамоға» жеңіс әперді.

«Барыс» қазіргі таңда КХЛ Шығыс конференциясының турнир кестесінде 29 ұпаймен сегізінші орында тұр.

Михаил Кравец шәкірттері келесі матчты да «Барыс аренада» өткізеді — 25 қарашада череповецкілік «Северстальға» қарсы.