Астаналық «Барыс» хоккей клубы американдық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Біржақты келісімшарт бір маусымға — 2027 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.
Қақпашы мансабының басым бөлігін «Вашингтон Кэпиталз» жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында Шепард екі рет Колдер кубогын жеңіп алды, ал 2023 жылы Америка хоккей лигасының (АХЛ) плей-оффының үздік ойыншысы атанды.
Өткен маусымда Хантер «Оттава» сапында Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) бір ойын өткізіп, кейін «Бельвиль Сенаторз» және «Лаваль Рокет» командаларында ойнады.


