Уфада 16 жасар оқушы өзінің екі қарындасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Башқұртстан ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Высотная көшесіндегі пәтерде болған. Алдын ала анықталғандай, қыз 9 және 16 жастағы екі қарындасына пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылып, оларға медициналық көмек көрсетілуде.
112 Telegram-арнасының ақпараты бойынша, пәтерде зардап шеккендердің 10 жасар інісі де болған, шабуыл жасаушы оған тиіспеген. Бала көршілерге жүгіріп барып, олар жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Екі қыз қазір операция үстінде, хирургиялық араласудан кейін оларды реанимацияға ауыстыру жоспарлануда.


