Лифттің орнына үнемі баспалдақпен көтерілу мерзімінен бұрын өлу және жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін, деп хабарлайды infohub.kz.

Шығыс Англия университеті мен Норфолк және Норвич ауруханасы қорының ғалымдары 35 пен 84 жас аралығындағы 480 мыңнан астам адам қатысқан тоғыз зерттеуге мета-талдау жүргізді. Іріктемеге сау еріктілер де, жүрек аурулары бар адамдар да енді.

Талдау көрсеткендей, лифттің орнына үнемі баспалдақты таңдау ағзаны нығайтады. Баспалдақпен жүруді жөн көрген қатысушыларда жүрек-қан тамырлары патологияларынан өлу қаупі 39 пайызға төмен болған. Сондай-ақ баспалдақпен жүру инфаркт, инсульт және жүрек жеткіліксіздігінің даму ықтималдығын төмендетеді, ал кез келген себептен өлу қаупі 24 пайызға азаяды.

Зерттеуші Софи Пэддок тіпті қысқа уақыттық жүктемелердің де денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті. Баспалдақпен көтерілу — бұл үйде немесе жұмыста күнделікті өмірге оңай енгізуге болатын қарапайым әрі қолжетімді жаттығу тәсілі. Адам күні бойы неғұрлым көп баспалдақпен көтерілсе, ағзаға оң әсері соғұрлым жоғары болады.