Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Бельгия корольдік отбасымен қысқаша әңгімелесті. Кездесу жоғары қонақтармен ұшақ қонғаннан кейін бірден астана әуежайының келу залында өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мемлекет басшысы Король Филипп пен Королева Матильданы жылы қарсы алып, бұл сапардың қазақ-бельгия қатынастарын нығайтудағы тарихи маңызын атап өтті.

«Қазақстан сіздердің сапарларыңызды қабылдауға өте қуанышты. Сіздер мемлекетіміздің дамуының аса маңызды кезеңінде келіп отырсыздар. Жалпы, біз табысты дамып келеміз, экономикамыз өсуде. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қатынастарға қуатты серпін беретінін асыра айтпай-ақ айтуға болады», – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Король Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, алдағы келіссөздердің сәтті өтетініне сенім білдірді және олардың екі ел арасындағы көпқырлы әріптестікті тереңдетудегі маңызын атап өтті.

«Ұшақ қонғаннан кейін бірден, траптан түскеннен бастап бізге көрсеткен жылы қарсы алуыңыз үшін алғыс айтамын. Осында үш толық күн болғанымызға қуаныштымыз және еліңізбен мүмкіндігінше жақын танысуды үміт етеміз», – деді бельгиялықтардың королі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Королева Матильданы жеке өзі қарсы алғаны хабарланған болатын.

Республика шекарасын кесіп өткен сәттен бастап астананың әуе қақпасына дейін корольдік жұп отырған ұшақты Қазақстан әскеу-әуе күштерінің истребительдері сүйемелдеп отырды.

Король Филипп пен Королева Матильда Қазақстанда 11-14 қазан аралығында мемлекеттік сапармен болады.

Қазақстан Президентімен кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылайды. Сапар бағдарламасында «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің отырысына және екі ел университеттері ректорларының форумына қатысу бар. Сондай-ақ басқа да іс-шаралар жоспарланған.