Биткоин бағамы 85 мың доллардан асып кетті. Ал бір апта бұрын бұл криптовалюта орта есеппен 75 мың доллардан саудаланып жатқан. Қазіргі көрсеткіш жыл басынан бергі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
2026 жылғы 22 қыркүйектегі Investing.com деректері бойынша, әлемдегі ең танымал криптовалютаның құны материал жазылған сәтте бір монета үшін 86 мың долларға жетті. Ал бір апта бұрын ол орта есеппен 75 мың доллардан саудаланған еді.
Айта кетейік, қазіргі көрсеткіш — жыл басынан бергі ең жоғарысы. Биткоин соңғы рет 2026 жылдың 27 қаңтарында 85 мың доллардан қымбат тұрған. Осы күннен кейін ол бірнеше рет құлдырады, әсіресе АҚШ пен Иран арасындағы соғыс қақтығысы басталғаннан кейін.
Сарапшылардың пікірінше, ол кезде бағамның төмендеуі ішінара Парсы шығанағындағы қақтығыстың ушығуы аясында доллардың айтарлықтай нығаюымен байланысты болды: инвесторлар тәуекелді активтерге қаражат салғанша, америкалық валютаны сатып алуды жөн көрді. Ал маусымда криптовалюта 60 мың доллардан да төмен түсті.
Қазіргі өсімді сарапшылар Strategy сияқты институционалдық алыптардың биткоинді көптеп сатып алуымен, блокчейнде бағалы қағаздармен сауда жасауға рұқсат берген АҚШ реттеушілерінің оң шешімдерімен, сондай-ақ инвесторлардың инфляцияға қатысты алаңдаушылығын азайтқан кейбір қысқа мерзімді экономикалық факторлармен түсіндіреді.


