- 30 нау. 2015 00:00
- 310
Боливиядағы өлім жолы
Боливиядағы биік таудың жағасындағы жол «Өлім жолы» деп аталады. Боливияның Юнгас аумағындағы жолдың ресми аты «Юнгас жолы». Амазон ормандарын елдің астанасы Сукреге байлайтын жолдардың бірі. Ла Паз қаласынан бастау алатын жол 4650 метр биіктікке жоғарылап көтеріледі. Биік құздарды жағалап, тік ылдилар мен шұғыл бұрылыстардан өтетін бұл жол, Коройкоға жақын жерлерде тағы да 1200 метр көтеріледі.
Бұл жолдың кеңдігі орташа есеппен 3 метр 20 сантиметр. Жаңбырлы, тұманды күндерде, тым биіктіктің де әсерінен жол мүлдем көрінбейтін халге келеді. Туристтердің қызығушылығын арттырған бұл жолды көруге келіп-кетушілердің саны өте көп. Туристтерді арнайы көліктер мен жетекшінің көмегімен бұл жолды қыдыруға алып баратын турлар ұйымдастырылады. Соңғы 10 жылда 18 велосипедшінің осы жолда қаза тапқаны, туристтердің санын азайтпады. 1983 жылы жолда саяхат етіп жүрген автобус, жоғарыдан төменге құлап, 100 ден астам адамның өліміне себеп болған. 1994 жылы 25 көлік құздан төмен қарай құлаған.