Солтүстік Қазақстан облысындағы Боровское ауылының тұрғындары жолсыздыққа шағымдануда. Жолдың нашарлығынан ауылдан тысқары жерге шығу қауіпті болып отыр. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Ауылда 53 үй бар, онда 140 адам тұрады, оның көпшілігі зейнеткерлер. «Жолымыз тым нашар. ГАЗель беріледі, бір айдан кейін жаңа ГАЗель сынады. Жаңбыр жауып, одан кейін ГАЗель мүлдем келмей қалды. Тұрмыс тоқтады. Адамдар қайғырып отыр. Үнемі жүріп, өміріңнен қорқасың. Осы газель кез келген сәтте аударылып кетуі мүмкін. Қаладан 30 шақырым жерде тұрып, 300 шақырымдай азап шегеміз», – дейді тұрғын Наталья Ильиных.

Жолдың нашарлығынан ауылға жедел жәрдем жете алмайды, такси жүргізушілері келуден бас тартады. Жергілікті кәсіпкерлер де зардап шегіп отыр. «Фирмалар бізге тауар жеткізгісі келмейді, жолдың нашарлығына байланысты. Олар жаман жолға жетіп, кейін қайтып кетеді. Тауар келмейді. Кейде тіпті нанды да жеткізбейді. Халық бірнеше рет нансыз, тауарсыз, жеміс-көкөніссіз қалғанына шағымданады», – дейді дүкен сатушысы Марина Немченко.

Ауылдық округ әкімдігінің хабарлауынша, ішкі ауылдық жолдар мен кіреберіс жолдарды қиыршық таспен төсеуге жоба-сметалық құжаттама былтырдан бері дайын. «Боровскоеға апаратын кіреберіс жол – аудандық маңызы бар жол. Новосибирск – Челябинск трассасынан 4,5 шақырым. Ішкі ауылдық жолдар Петерфельд ауылдық округіне қарайды. Жобалар бар, 30-40 миллион теңгеге дейін. Шамамен 70 миллион теңге шығады. Бірақ биыл қаражат бөлінбеді», – деп түсіндірді Петерфельд ауылдық округінің әкімі Асылхан Қасымов.

Әкімнің айтуынша, ауданның басқа елді мекендерінде де осындай жағдай қалыптасқан. Боровское тұрғындары мәселенің жақын арада шешілетініне үміттенеді.