- 10 мау. 2015 00:00
- 692
Бразилиялық ағаш жемісін діңгегінде өсіреді
Кейбір ыстық елдерде таңғажайып ағаш бар, оған жемістерін өсіру үшін бұтақтардың қажеті жоқ: олар діңгегінде өсе береді.
Мұндай қасиеттерге жаботикаба (лат. Myrciaria caulifloria) ағашы ие — оны тағы бразилиялық жүзім ағашы деп те атайды. Бұл жемісті Боливия, Парагвай, Аргентина, Уругвай, Колумбия, Панама, Перу, Куба және Филиппин елдері де өсіреді.
Жаботикаба, баяу өсетін мәңгі жасыл ағаш, биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Оның ақ шоқ гүлдері діңгекті жағалай өседі және оның басты бұтақтары кейін жеміске айналады. Мұндай көрініс «каулифлория» деп аталады және бірқатар тропикалық өсімдіктерде кездеседі, мысалы, какао, құрма, дуриана және т.б.
Жаботикабаның жемістері – домалақ немесе эллипстік пішінді, қою-күлгін түсті болады. Олардың жартылай мөлдір, желесі жаңа піскенінде жеуге жарамды. Сонымен қатар, одан желе, мармелад, шырын мен алкоголь сусындар дайындайды, ал кептірілген қабығынан қайнатпа жасап, астма, іш өту және дизентерия кезінде ішеді.