Қазақстандық теннисші Александр Бублик пен америкалық Винус Уильямс 2026 жылғы АҚШ ашық теннис чемпионатының (US Open) аралас жұптар турниріне алдын ала өтінімге енді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Микст матчтары 24-26 тамыз аралығында өтіп, негізгі жарыстың басталуына дейін өтеді. Аралас турнирдің жаңартылған форматы былтырғы US Open-да алғаш рет сыналған болатын, онда италиялық Сара Эррани мен Андреа Вавассори жеңіске жеткен еді.

Алдын ала тізімге 29 жұп енгізілді. Жаңа қатысушылар қатарында Александр Бублик пен Винус Уильямс жұбы бар. 46 жастағы америкалық теннисші тарихтағы ең атақты теннисшілердің бірі: ол әйелдер жұбында барлық Үлкен дулыға турнирлерінде жеңіске жеткен.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның да US Open микстіне қатысуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Өткен жылдағыдай, қазақстандық теннисші америкалық Тейлор Фритцпен бірге өнер көрсетеді.

Әйелдер жеке сынындағы әлемнің бірінші ракеткасы беларусь Арина Соболенко серб Новак Джоковичпен ойнауға дайындалуда. Ерлер рейтингінде көш бастап тұрған италиялық Янник Синнер өтінімге енбеді.