Биология пәнінен тест жинақтары
Балықтар класы
1. Акулалардың денесі қандай? - созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді
2. Шеміршектілердің жұтқыншағының екі бүйіріндегі неше жұп желбезек санылаулары бар? - 5 - 7
3. Тұлға бөлімі мен құйрық бөлімнің арасы немен бөлінген? - клоака
4. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі? - желбезектер
5. Қылтамырды басқаша қалай атайды? - капиляр
6. Скаттардың ең ірі түрі? - манта
7. Балық патшасы? - бекіре
8. Бекіре балықтардың тағы бір тобын қалай атайды? - Тасбекірелер
9. Саусаққанатты балықтар. Қазіргі кезде олардан тек бір ғана түрі бар, ол қандай? - латимерия
10. Қортпа, шоқыр, пілмай, бекіре қандай теңізде кездеседі? - Каспий
11. Албырттектестер деп аталатын, тіршілігінде бір - ақ рет уылдырық шашып өлетін қандай балықтар? - Кета, нерка, құнысбалықтар
12. Албырт балықтарынан алынады? - Қызыл уылдырық
13. Балықтарды зерттейтін ғылым? - ихтиология
14. Шеміршекті балықтарғы қандай балықтар жатады? - Акулалар, жұпбалықтар, тұтасбастылар
15. Шеміршекті балықтардың есту мүшесі? - Тек ішкі құлақ
16. Шеміршекті балықтардың денесін қандай қабыршақ қаптайды? - плакоидты
17. Шеміршекті балықтардың желбезек доғаларының саны? - 5 - 7 жұп
18. Желбезек шашақтарын торлап жатады? - Ұсақ қылтамыр
19. Қанайналым шеңбері? - 1
20. Жүрегі неше қуысты және оларды ата? - 2 қуысты: 1 құлақша, 1 қарынша
21. Сүйекті балықтардың неше түрлері бар? - 20мың
22. Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
23. Сүйекті балықтардың денесі? - Бас, тұлға, құйрық
24. Акулалардың ішіндегі адамға қауіптісі? - Сұр акула
25. Сүйекті балықтардың алдыңғы миы қандай? - шағын екі ми сыңарына бөлінбеген
26. Өрістегіш балықтар: - қортпа, шоқыр, пілмай, бекіре
27. Аналық безде жетілетін майда жұмыртқа жасуларды қалай атайды? - уылдырық
28. Саусаққанатты балықтарға қай балық жатады? - латимерия
29. Аталық безден бөлінетін сұйықтық? - Шоғал
30. Балықтардың қандай мүшесі айқын көрінеді? - Бүйір сызық
31. Шеміршекті балықтар неше классқа бөлінеді? - тақтажелбезектілер, тұтасбастылар
32. Акулалардың нешеге жуық түрі бар? - 350
33. Балықтарың неше түрі бар? - 2 (сүйекті, шеміршекті)
34. Сүйекті балықтарда ерекше мүше қандай? - Торсылдақ
35. Тұқытектестер отряды: - аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, қаяз
36. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі? - қуық
37. Қазақстандық су айдындарынды қаншаға жуық балық түрлері кездеседі? - 180
38. Ежелгі балық? - Латимерия
39. Сүйекті балықтардың ми бөлімі нешеу? - 5
40. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген балықтар: - Каспий және Арал албырттары
41. Сетінектің бауырынан алынып, мешел ауруына қарсы пайдаланады: - балық майы
42. Балықтардың терісі неше қабаттан тұрады және қандай? - 3 қабат: сыртқы, ішкі, эпидермис
43. «Адамжегіш акула» ақ акула - каркарадон
44. Шеміршекті балықта тік ішек немен аяқталады? - клоака
45. Сүйекті балықтардың неше класс тармағы бар? - 2 класс
46. Сүйекті балықтардың кейбір отрядның қанқасында сүйектен көрі не көп? - шеміршек
47. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында не болады? - Сүйекті желбезек қақпағы
48. Балықтар бір - бірімен қалай байланыс жасайды? - Түрліше дыбыстар шығарып
49. Сүйекті балықтардың тістері болады: - Жақсүйектерінде және түрлі сүйектерінде
50. Бауырдың қызметі? - Улы заттар мен зиянды өнімдерді зарарсыздандыру
51. Бекіренің кәсіптік мәнінің зор себебі: - Дәмді еті, қара уылдырығы
52. Балықтардың 90%- дан астамы қандай топқа тіркелген? - Сәулеқанатты балықтар
53. Теңіз алабұғасы қандай жынысты? - қосжынысты
54. Шеміршектілердің нағыз тері қабаты неден түзілген? - Дәнекер ұлпасынан
55. Скаттардың ең ірі түрі? - манта
56. Шеміршектілердің жұтқыншағы: - Өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады
57. Акуланың дене қуысында қандай бүйрек орналасқан? - Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрек бар
58. Кейбір скаттардың денесінде қандай ерекше мүшесі бар? - Электр қуатын шығаратын мүшесі бар
59. Ақ акуланың дене тұрқы неше метр? - 4, 3 – 4, 6 метр
60. Сүйекті балықтың тік ішегі аяқталады: - Аналь тесігі
61. Балықтардың ең жүзгіші: - тынық мұхит желкенді балығы
62. Қостынысты балықтар қай өзендерде кездеседі? - Амазонка өзені, Африка өзені, Австралия өзені
63. Латимерия Африка жағалауынан алғаш рет ауға түскен жыл? - 1938 жылы
64. Латимерияның өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап неге айналған? - Майлы мүшеге айналған.
65. 2010 жылы Қызыл кітапқа енгізілген балық: - Балқаш алабұғасы, іле шармайы
66. Албырттектестерге жататын бахтах балығын кейде қалай атайды? - Патша балығы
67. Сетінектерді неліктен сетінек деп атаған? - Кептірілген еті сыртылдап, ыдырайтын болғандықтан
68. Жебезегімен әрі өкпемен тыныс алатын балықтар: - қос тынысты балықтар
69. Ең ірі сүйекті балық: - кәдімгі майшабақ королі
70. Майшабақтектестер отряды? - Мұхит майшабағы, сардинка, қылқа, түлкібалық, еділ майшабағы
71. Ең ірі теңіз балығы: - кит пошымды акула
72. Жайық өзенінде кездесетін Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген? - Еділ майшабағы
73. Сүйекті балықтың ең ауыры: - айбалық
74. Қалаққанатты балықтар класс тармағы: - 2 (қостынысты, саусаққанатты)
75. Шеміршекті балықтардың көбеюі: - көпшілігі іштей ұрықтанады, кейбір түрі тірі шабақтайды
Құрастырғандар:
Кулмуханова Н. Ж. – ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта
мектеп - балабақша кешенінің жоғары санатты
химия - биология пәнінің мұғалімі
Наурызбаева Қ. Е. – ЖББ Ж. Досмұхамедов атындағы орта
мектеп - балабақша кешенінің жоғары
санатты химия - биология пәнінің мұғалімі
Биология пәнінен тест жинақтары. Құстар класы қарау
Биология пәнінен тест жинақтары. Сүтқоректілер классы қарау
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз605 қаралым
#биологиядан тест жауабымен#биологиядан тест жауаптарымен#биология пәнінен тест жинақтары
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

