Синоптиктер 4 қазан, жексенбі күні Қазақстанның барлық дерлік аумағында дауыл ескертуін жариялады. Бұл туралы infohub.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің дерегінше, 4 қазанға қараған түні және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман батыста және солтүстікте болады. Абай облысының шығысында да түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыс және оңтүстік жел секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін барады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын, түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман болады. Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Шымкентте де жаңбыр, найзағай, күндіз кейде қатты жаңбыр болады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар облысында секундына 15-20 метрге дейінгі жел болжанады. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр болады.
Жамбыл облысында жаңбыр мен найзағай, күндіз жаңбыр мен найзағай, облыстың батысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ болады.
Қызылорда облысының шығысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде минус 1 градусқа дейін үсік болжанады. Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Жетісу облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге, кейде 23-28 метрге жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы облысында жел екпіні секундына 16-21 метр болады. Алматыда оңтүстік-шығыс жел батысқа ауысып, екпіні секундына 16-21 метрге жетеді.


