«Бернлидің» 18 жастағы қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпионшипте «Мидлсброға» қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы ресми түрде танылды. «Терф Мур» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сәтпаев қатарынан үшінші рет негізгі құрамда алаңға шығып, 80 минут ойнады да, 81-минутта трибунаның қошеметімен ауыстырылды. Осы уақыт ішінде шабуылшы команданың үш соққысының екеуін қақпаға дәл бағыттады. Қауіпті сәттердің бірі 14-минутта болды — қақпашы оның алыстан соққан допты әрең қайтарды. Екінші таймда Дастан қақпашымен жеке шықты, бірақ қарсылас қақпашысы тағы да құтқарып қалды.
Сәтпаевтің пас дәлдігі 94% құрады (18 әрекеттің 17-сі дәл). Жеке тұрыста ол 4 дуэльдің 3-інде жеңіске жетіп, бір рет допты сәтті алып берді.
Матчтың өзі оңай болған жоқ: «Мидлсбро» 23-минутта Эйден Морристің күшімен есеп ашты, алайда 54-минутта Юго Рагубер пасынан кейін үй иелері есепті теңестірді. Төрт турдан кейін «Бернли» екі ұпай жинап, турнир кестесінде соңғыдан екінші, 23-орында тұр. Келесі матчты команда 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.


