Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев карьерасын ағылшындық «Бернлиде» жалғастырады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Лондондық «Челси» футболшының алматылық «Қайраттан» ауысқанын ресми түрде жариялады, себебі 12 тамызда ол 18 жасқа толды. Сол күні «Челси» Сатпаевтің алдағы маусымды «Бернлиде» жалға өткізетінін растады.

«Бордо» түстілер өткен маусымда Англия Премьер-лигасында 19-орын алып, Чемпионшипке түсіп қалды. Жаңа маусымда «Бернли» 16 тамызда лондондық «Вест Хэмге» қарсы үйдегі ойынмен бастайды.

Сатпаевтің ауысуы бейнеролик арқылы таныстырылды. Содан кейін «Бернли» «Челсимен» маусымдық жалдау келісімін растады.

Сатпаев маусым алдындағы дайындықтың көп бөлігін «Челсиде» өткізді. Халықаралық турдың алғашқы ойынында ол лондондықтар сапындағы алғашқы голын австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына соқты.