Бірден 35 Үндістан азаматы Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаменті елде заңсыз жүрген 35 Үндістан азаматының депортацияланғанын мәлімдеді. Олардың барлығы рұқсат етілген мерзімнен асып, Қазақстан аумағында заңды негізсіз қалуды жалғастырған.
Мақсатты іс-шаралар барысында Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі қызметкерлері шетелдіктердің орналасқан жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен барлық бұзушылар Қазақстан Республикасынан шығарылды. Полиция қызметкерлері олардың әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өтуіне дейін кету рәсімін сүйемелдеді.
Сонымен қатар, белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін шетелдік азаматтардың елден кетуіне уақтылы шара қолданбаған қабылдаушы тарап өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


