Қазақстанда банктер туралы жаңа заң күшіне енді. Бұл заң проблемалы банктердің салымшыларына төлемдерді жеделдетеді. Енді Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) резервінен өтемақы төлеудің ең ұзақ мерзімі 35 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне қысқарды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қордың мәліметінше, тиісті өзгерістер жаңа банк заңнамасында бекітілген және салымшылардың құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған. Іс жүзінде төлемдер бұрынғы нормативтерден әлдеқайда ерте басталатын. Мысалы, Tengri Bank, «АзияКредит Банк» және Capital Bank Kazakhstan компанияларының лицензиясы қайтарылғаннан кейін салымшылар 6–8 жұмыс күні ішінде өтемақы алуға өтініш бере алды. Осы үш банк бойынша төлемдердің жалпы сомасы 38 млрд теңгеден асты.
ҚДКҚ төлемдерді бастау мерзімін одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр. Ол үшін жеткілікті қаржылық база қалыптастырылған: қордың арнайы резерві 1,7 трлн теңгеден асып, заңда белгіленген нысаналы деңгейден жоғары.
Бұған дейін Қазақстан үкіметі 2026-2029 жылдарға арналған халықтың табысын арттырудың кешенді жоспарын бекіткен болатын. Құжаттың негізгі тармақтарының бірі – мемлекеттік қолдау алатын бизнес үшін жаңа міндеттемелер.


