Қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген түрік тіліндегі авторлық әнін жақында шығарған болатын. Енді ол жанкүйерлеріне тағы бір романтикалық композицияны ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әнінің музыкасын Димаш жазған, ал оны жас әртіс Нұртас Садырбаев орындады. Сөзін Жарасқан Нұрбай жазған. Композиция «Сезім» деп аталады. Димаштың айтуынша, ертең-ақ жанкүйерлер әнді оның YouTube-арнасынан тыңдай алады. Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода Нұртастың әнді орындап жатқаны, ал Димаштың рояльда отырып, оған шебер сүйемелдеп жатқаны көрінеді.
Бұл жарияланымға Димаштың әкесі де жауап берді. «Өте әдемі ән, шабытың таусылмасын», — деп атап өтті ол. Жанкүйерлер де бейжай қалмады: «Қандай музыка, қандай ән. Жаның қандай әдемі шығады, Димаш! Сен — армандағы продюсерсің! Нұртас әдемі айтты, өте нәзік», «Сүйікті Димаш рояльда, әрі авторлық композициясымен — бұл әрқашан тағдырдың сыйы», «Қандай ән, жылап жібердім», — деп жазды олар.


