Қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің жаңа авторлық әні бірнеше елде iTunes чарттарының көшін бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жуырда Димаш түрік тіліндегі әнін ұсынды, оның музыкасын өзі жазды. "Yazgı" деп аталатын ән тыңдармандардың көңілінен шығып, бірқатар елдердегі iTunes музыкалық чарттарының жоғарғы сатыларын иеленді.
"Менің жаңа "Yazgı" әнім iTunes чарттарында жоғарғы орындарды иеленуді жалғастыруда. Венгрияда №1. Румынияда №1. Латвияда үздік үштікте. Әр тыңдалым, әр сатып алу және әр жылы хабарлама менің музыкама әлем бойынша тыңдармандарды табуға көмектеседі. Махаббаттарыңыз, сенімдеріңіз және тұрақты қолдауларыңыз үшін рахмет. Бұл жетістік - біздің ортақ еңбегіміз!" - деді Димаш.
Әртіс жанкүйерлері әлеуметтік желілерде белсенді түрде таңданыстарын білдіруде. "Сен бар күш-жігерің мен махаббатың үшін ең жақсысына лайықсың, сен ерекше адамсың, жан-тәніңмен ән айтасың", "Тамаша әніңе тәнтімін, Димаш", "Ән керемет. Осы сыйлық үшін рахмет", "Бұл әдемі әнді Spotify-да да, YouTube-та да тыңдаймын! Рахмет!" - деп жазады жанкүйерлер.


