Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Дина Таңсәріні экстрадициялау әрекеті қайта жанданды — күйеуі биліктің қысымына күмән келтірді

Дина Таңсәріні экстрадициялау әрекеті қайта жанданды — күйеуі биліктің қысымына күмән келтірді
Черногорияда тұрып жатқан Дина Таңсәріні Қазақстанға қайтару әрекеті күшейе түсті. Бұл туралы оның жұбайы Асылжан Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды Infohub.kz.

Мұхамеджановтың айтуынша, экстрадиция мәселесі белгілі кәсіпкермен жанжалдан кейін жанданған.

– "Экстрадиция жасатамын. Тізерлетем" деп жазған. Бұл жай сәйкестік емес. Біз Черногорияда бір жарым жылдан бері тұрамыз. Сол арыздан кейін Жоғарғы сот Динаны экстрадициялау мәселесімен бірден айналыса бастады. Бұған дейін оны үш рет қайтаруға тырысты, бірақ болмады. Себебі ол саяси баспана сұраған, – деді ол.

Оның пікірінше, бұл әрекеттер белгілі бір тұлғалардың ықпалымен жүзеге асуда.

– Мен біреудің ақшасын санамаймын. Бірақ кісі өлімі ісі бойынша ақталып шығу оңай шаруа емес. Оның артында қандай күш тұрғанын елестете беріңіз, – деді Мұхамеджанов.

Ол Черногория билігі Дина Таңсәріні Қазақстанға қайтармайды деген үмітте екенін жеткізді. Қазіргі уақытта Таңсәрі бұл елде саяси босқын мәртебесімен өмір сүріп жатыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама