Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) файтері Дияр Нұрғожай UFC Fight Night турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, арнайы бонусқа ие болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
29 жастағы спортшы Лас-Вегастағы шоудың алдын ала кардында өнер көрсетті. Ол бірінші раунд аяқталуға бір секунд қалғанда бразилиялық Бруно Лопесті жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) нокаутқа жіберді.
Мерзімінен бұрын жеңіс Нұрғожайға 25 мың доллар (ағымдағы бағам бойынша шамамен 11,5 млн теңге) көлемінде арнайы бонус әкелді.
100 мың доллардан ұлғайтылған сыйақылар төрт спортшыға бұйырды. Бразилиялық Карлос Диего Феррейра мен америкалық Билли Куарантилло «Кештің жекпе-жегі» аталымының лауреаттары атанды. Олардың жеңіл салмақтағы (70,3 келіге дейін) қарсы тұруы үш раундқа созылды. Феррейра бірауыздан қазылар шешімімен жеңіске жетті.
Австралиялық Куиллан Салкиллд пен америкалық Тай Миллер «Кештің үздік өнері» үшін бонус алды. Олар сәйкесінше поляк Матеуш Гамрот пен тағы бір америкалық Билли Рэй Гоффты мерзімінен бұрын тізе бүктірді.


