Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Лас-Вегастағы UFC турнирі алдында өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды infohub.kz.
29 жастағы спортшы Fight Night шоуының алдын ала кардында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы бразилиялық Бруно Лопес болады. Ресми өлшеуде екі файтер де жартылай ауыр салмақ лимитіне (93 келіге дейін) сыйды. Нұрғожай 205 фунт (93 кг), ал Лопес 204,5 фунт (92,8 кг) көрсетті.
Қазақстандық пен бразилиялық арасындағы жекпе-жек 9 тамызда Астана уақытымен шамамен 04:30-да басталады. Нұрғожай үшін бұл UFC-дегі төртінші жекпе-жек болады. Ол лигадағы өнерін екі жеңіліспен бастады, бірақ соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Рафаэль Тобиасты бірауыздан шешіммен жеңді.
Кәсіби ММА-да қазақстандық спортшы екі жеңіліс кезінде 11 жеңіске жетті. 33 жастағы Лопестің еншісінде 14 жеңіс және үш жеңіліс бар.
Лас-Вегастағы турнирдің басты оқиғасы поляк Матеуш Гамрот пен аустралиялық Куиллан Салкиллд арасындағы жеңіл салмақтағы (70,3 келіге дейін) жекпе-жек болады. Олар дивизионда тиісінше сегізінші және он екінші орындарды иеленеді.


