Кеңес және ресейлік эстрада әншісі, композитор, пианист әрі продюсер Дмитрий Маликов Алматыдағы концерттен кейін әлеуметтік желіде көрермендерге арнап жазба жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әншінің концерті 17 қарашада Алматыдағы Мәдениет сарайында өтті. Маликов сахнадан түсірілген кадрларды жариялап, алматылық көрермендерге жылы лебізін білдірді.

«Бүгін сіздермен ашық сырластым... Алматы, мені қандай жылы қарсы алдыңыз! Күлкілеріңіз, билеріңіз және гүлдеріңіз үшін рақмет! Осындай кештер үшін сахнаға қайта-қайта шыққың келеді! Астана, эстафетаны қабылдаңыз», — деп жазды Маликов.

Айта кетейік, бүгін кешке, 18 қарашада, Маликов Астанада өнер көрсетеді.

Қазақстандық жанкүйерлер жазбаға көптеген пікір қалдырды. «Осындай жүрекжарды концерт үшін бас иеміз, энергияңыз бен аураңыз таңғажайып екен», «Арманым орындалды! Мен сіздің концертіңізде болдым! Керемет кеш үшін үлкен рақмет», «Концерт тамаша. Музыка керемет. Астанада сәтті өнер көрсетіңіз», «Дима! Сен сол бұрынғы баласың! Ал мен сені сүйетін сол бұрынғы қызбын! Бүгін кешке бәрімізге 18 жас болды!» — деп бөлісті жанкүйерлер әсерлерімен.