24 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа өлшемді бағамы бір күнде 10 теңгеге жуық өсіп, 476,07 теңгені құрады. Бұл американдық валютаның айтарлықтай нығайғанын көрсетеді. Алдыңғы сауда-саттықта, 23 шілдеде бағам 466,22 теңге болған еді. Онымен салыстырғанда ұлттық валюта 9,85 теңгеге әлсіреді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Апта ішінде теңге долларға қатысты әлсіреді. Дүйсенбіде, 20 шілдеде, орташа өлшемді бағам 470,28 теңге болса, жұма күні 476,07 теңгеге дейін өсті. Осылайша, апта ішінде американдық валюта 5,79 теңгеге нығайды.
KASE деректеріне сәйкес, 24 шілдедегі сауда-саттық барысында доллардың ең төменгі бағамы 470,46 теңге, ең жоғары бағамы 479,50 теңге болды. Жабылу бағамы 474 теңге деңгейінде белгіленді. Американдық валюта бойынша сауда көлемі 491,6 миллион доллардан асып, барлығы 1349 мәміле жасалды.
kurs.kz мәліметінше, қолма-қол ақша нарығында Астана айырбастау пункттерінде долларды ең жоғары 478 теңгеден, Алматыда 476,5 теңгеден сатты. Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы 472,34 теңге болды. Демалыс күндері – 25, 26 және 27 шілдеде – ресми бағам 470,28 теңге деңгейінде белгіленді.


