Өткен аптада доллар бағамы бір тәулік ішінде 10 теңгеге көтеріліп, 476,07 теңгеге жеткен еді. Дүйсенбі күні бағам түзетіліп, 3 теңгеге арзандап, 473,4 теңге болды. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.
Kurs.kz порталының дерегінше, Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттерінде сағат 15:30-дағы қолма-қол долларды сатып алу және сату бағамдары: Астанада сатып алу — 470 теңге, сату — 477 теңге; Алматыда сатып алу 470,9–473,6 теңге, сату 474,4–477 теңге; Шымкентте сатып алу 472–473 теңге, сату 474–475 теңге.
Еуро да демалыс күндері 2 теңгеден астамға арзандады. Бүгін сағат 15:30-дағы оның орташа алып-сатарлық мәні 540,3 теңгені құрады. Астана айырбастау орындарында еуроны 535 теңгеден сатып алып, 545 теңгеден сатады; Алматыда сатып алу 535,5–540 теңге, сату 540–545 теңге; Шымкентте сатып алу 535–538 теңге, сату 540–545 теңге.
Еске сала кетсек, маусым айында Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларға сұраныс екі есеге жуық өсті, ал орташа алып-сатарлық бағам мамырдағы 469,52 теңгеден маусымда 487,85 теңгеге дейін көтерілді.


