Дженнифер Энистон мен Риз Уизерспун басты рөлдерді сомдаған танымал «Утреннее шоу» сериалы аяқталуға жақын. Apple TV+ платформасы бесінші маусымның финалдық болатынын ресми растады, деп хабарлайды ABC News. Дереккөз: infohub.kz

Қорытынды эпизодтардың премьерасы 2027 жылы өтеді.

Актрисалар мен шоудың атқарушы продюсерлері тарихты аяқтау туралы шешімнің өзара келісілген және жоспарлы болғанын мойындады. Энистон командаға алғыс айтып, финалды алдын ала ойластырғандарын атап өтті: «Біз бұл маусымның соңғы болатынын білдік. Сондықтан кейіпкерлеріміздің оқиғаларын әдемі әрі лайықты аяқтай алдық», — дейді ол. Уизерспун жобадағы жұмысты өміріндегі маңызды кезең деп атады: «Тоғыз жыл бойы „Утреннее шоу" үстінде жұмыс істеу — мен үшін үлкен мәртебе. Біздің сериал әрқашан тек теледидар туралы ғана емес, сөз бостандығы мен адал журналистиканың маңызы туралы әңгіме болды», — деп қосты ол.

«Утреннее шоу» — Apple TV+ платформасының басты жобаларының бірі. Сериал сервис жұмыс істей бастаған алғашқы күні — 2019 жылғы 1 қарашада жарық көрді. Төрт маусым ішінде жоба беделді «Эмми» сыйлығының 28 номинациясына ие болып, бүкіл әлем бойынша миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді. Қазір бесінші маусым әзірлену үстінде, ал жасаушылар жанкүйерлерге жарқын әрі есте қаларлық финал сыйлауға уәде береді.