Үлкенге - сәлем,
қуантқанға - сүйінші,
соғымнан - сыбаға,
егіннен - кеусен,
малдан - көгендік,
балаға - базарлық,
киімге - байғазы,
сәбиге - көрімдік,
төркіндеген қызға - қалау,
көрші қонғанға - ерулік,
көшкенге - айрылысар көже,
досқа - ескерткіш,
жетім-жесірге - қолқайыр,
мүсәпірге - садақа,
алғашқы қымыздан - қымызмұрындық,
соңғы қымыздан - сіргежияр,
дәулетіңізден шүлен таратып бересіз,
тойға - тойана,
құдалыққа - киіт,
үйлену тойына - немеурін,
азаматқа - сыйлық,
қуанышқа - шашу,
сағынғанға - сәлемдеме,
асқа - сабамен қымыз, сойыс,
қазаға - аза апару.
Егер сыйлағыңыз келсе
Үлкенге - сәлем, қуантқанға - сүйінші, соғымнан - сыбаға, егіннен - кеусен, малдан - көгендік, балаға - базарлық, киімге - байғазы, сәбиге - көрімдік, төркіндеген қызға - қалау, көрші қонғ...
← АртқаДереккөз: bilim-all.kz

