Қазақстан тұрғындары eGov порталын қоса алғанда, мемлекеттік цифрлық платформалардың жұмысында уақытша шектеулер болуы мүмкін екені туралы ескертілді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (ҰАТ) хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz.
ҰАТ-тың Instagram-дағы ресми парақшасында мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсету сапасын жақсартуға бағытталған техникалық жұмыстар жүргізу туралы хабарланды.
«Осыған байланысты 18 шілде сағат 21:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін жобалардың қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтарды болдырмау үшін барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтау ұсынылады», — делінген хабарламада.


