Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
eGov.kz порталы мен қосымшасы уақытша істен шығады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін eGov.kz порталы мен оған қатысты сервистердің уақытша жұмыс істемейтінін хабарлады. Бұл цифрлық экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіндігіне байланысты.

Қандай қызметтер уақытша шектеледі?
Аталған уақытта келесі сервистер қолжетімсіз болады:
eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы (соның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Ұлттық куәландырушы орталығының қызметтері;
 Компания сүйемелдейтін басқа да цифрлық жобалар.

Техникалық жұмыстар пайдаланушылардың ең аз белсенділік танытатын уақытына сәйкестендірілген.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама