Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды infohub.kz.

Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Коко Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен қиындықпен жеңді. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылып, жергілікті уақыт бойынша түн ортасынан кейін аяқталды.

Матчтан кейін Рыбакина табысқа жету үшін барын салуға тура келгенін мойындады. «Мен жай ғана күресуге тырыстым. Жігіттер, кешке дейін қалып, мені қолдағандарыңызға рахмет. Бұл ұзақ күн болды. Коко менің алғашқы матчым да ауыр бәсеке болды. Тіпті жаттығуларда да тең күрес өтеді. Мен жай ғана зейінімді шоғырландыруға тырыстым, әсіресе матч соңында менің подачам көмектесті. Бірінші сетте екеуміз де жақсы ойнадық, бірақ кейін мен сәл абыржып қалдым. Үш сетте қайта жеңе алғаныма қуаныштымын», — деп келтіреді спортшының матчтан кейінгі сұхбатын.

Елена апта бойы көрсеткен психологиялық тұрақтылығын ерекше атап өтті. «Мен осы аптада көрсеткен күрескерлік рухымды мақтан тұтамын. Командамен тамаша дайындық өткіздік деп ойлаймын. Енді ең бастысы — сол бағытта жалғастыру. Ертең нәтиже қандай болса да, мен жай ғана ләззат алуға тырысамын. Ойнауды және тырысуды жалғастыра беремін. Барлық турнирлерде алысқа барамыз деп үміттенемін», — деп қосты ол.

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің жетінші ракеткасы поляк Ига Швентекпен кездеседі. Ол параллельді матчта украиналық Элина Свитолинаны (WTA рейтингінде 9-орын) жеңген болатын.