Германияның Хальберштадт қаласындағы ортағасырлық шіркеуде композитор Джон Кейдждің 639 жылға есептелген туындысы аясында кезекті аккорд ауыстырылды, деп хабарлайды infohub.kz.
Әулие Буркарди шіркеуінде ASLSP (As Slow as Possible — «Мүмкіндігінше баяу») музыкалық жобасы аясында жаңа нота орындалды. Американдық авангард композиторы Джон Кейдж жазған бұл туынды арнайы жасалған органда 2001 жылы орындала бастады. Бұл ерекше концерт тек 2640 жылы аяқталуы тиіс.
Дыбыстың өзгеруі әлемнің түкпір-түкпірінен заманауи музыка жанкүйерлерін тартады. Аккордты өзгерту үшін музыканттар мен инженерлер құм салынған қаптарды қолмен қосып немесе алып тастайды, органның педальдарын басады немесе құбырларды ауыстырады. Осы уақытқа дейін аспаптың дыбысы 2024 жылдың ақпанынан бері өзгермеген болатын, сонда алдыңғы нота орнатылған еді.
Жоба авторлары туынды алты ғасырдан астам уақыт бойы үздіксіз орындалып, әрбір аккорд ауыстыру сирек кездесетін мәдени оқиғаға айналады деп есептейді. Хальберштадттегі органның музыкалық үндестігі келесі жолы тек 2028 жылы өзгереді.


