Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында жеке көпсайыс финалында қазақстандық гимнастшылар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы төртінші және бесінші орындарды иеленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Төрт жаттығу қорытындысы бойынша Ерекешева 108 балл жинады. Қола медальға ол 1,200 балл жетпеді. Қазақстандық спортшы шеңбермен 28,900 балл, доппен 27,300, шығыршықтармен 25,200 және лентамен 26,600 балл алды.

Ертайқызы финалды 106,200 баллмен бесінші орында аяқтады. Оның бағалары: шеңбер – 27,250, доп – 26,450, шығыршықтар – 25,700, лента – 26,800.

Жеңісті Азиада-2022 чемпионы және Азияның абсолютті чемпионы өзбекстандық Тахмина Икромова (112,950) жеңіп алды. Күмісті қытайлық Ван Ци (110,050), қоланы оның отандасы Ван Цзылу (109,200) еншіледі.

Іріктеуде Ерекешева барлық қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетті – 111,350 балл, ал Ертайқызы 106,550 баллмен төртінші орынға тұрақтады.

Бүгін сондай-ақ топтық көпсайыс финалы өтеді. Біздің құрама шешуші кезеңге бірінші орынмен жолдама алды.

Жапониядағы XX Жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте ресми түрде ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын жарыстарда 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 35 спорт түрінен 558 спортшы сынға түсуде.