Қазақстандық әртістер Ерке Есмахан мен RaiM деген атпен танымал Райымбек Бақтыгереев Италиядағы демалыстарының кадрларымен бөлісті. Жұлдызды жұп демалыс үшін Комо көлінің інжу-маржаны аталатын көркем курорттық қалашық Белладжионы таңдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ерке өз блогында итальяндық табиғат аясында түскен суреттерін жариялады. Ол ең жақсы кадрлар көбінесе кездейсоқ түсетінін айтты. «Кейде ең әдемі кадрлар қойылымсыз шығады. Өзімді итальяндық киноның кейіпкеріндей сезінемін», — деді әнші.
Жанкүйерлер әртіс сұлулығы мен табиғат көріністеріне тәнті болды. «Белладжионың сұлулығы мен сіздің келбетіңіз бір-біріне сай. Бір қарағанда, бұл жай ғана кадр, бірақ мұқият қарасаңыз, мұның үлкен еңбектің, армандардың орындалуының, өзіне сенімнің нәтижесі екенін көресіз. Қазақстанның ерке қызы бола беріңіз», «Сіздің сұлулығыңызды қарапайым сөзбен жеткізу мүмкін емес», — деп жазды жанкүйерлер түсініктемелерде.
Ал RaiM Instagram-да Комо көліндегі керемет күн батуын көрсетті. Рэпер итальяндық курорттың атмосферасын сезініп, кешке шомылуды жөн көрді.


