Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып Ержан Тоқтағұлов тағайындалды. Осыған дейін ол осы ведомствоның департаменттерінің бірін басқарған еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымына бекітілді. Ол 1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Тоқтағұловтың еңбек жолы 2015 жылы басталды: 2015–2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында бас маман, сарапшы болып жұмыс істеді. 2018–2019 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы. 2019 жылы — «Қазақстан индустриясын дамыту институты» Экспорттаушылардың шығынын өтеу орталығының директоры.
2019–2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің БАҚ саласындағы бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарды. 2020–2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2021–2024 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңіраралық байланыс инспекциясын басқарды.
2024 жылдың наурызынан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментінің директоры қызметін атқарды.


