Алматы қаласы мен Алматы облысында полиция қызметкерлері есірткі таратудың кезекті арналарын жойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматыда полицейлер 33 жастағы ер адамды ұстады, оның көлігін тексеру кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 130 орама табылып, алынды.
«Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында есірткі заттары, электронды таразы, орау материалдары және тыйым салынған заттарды қаптауға арналған басқа да заттар алынды», — деді Әмірханов.
Сондай-ақ Алматы облысында есірткінің үлкен партиясы жасырылған тағы бір қойма анықталды. «Алынған заттың жалпы көлемі екі келі мефедронды құрады, бұл 10 мың бір реттік дозаға тең. Ірі партия есірткі тұтынушыларға жетпеді», — деп атап өтті басқарма бастығы.
ІІМ-де ұсталған адам кінәсін мойындағанын айтты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, енді күдікті наркокурьерге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төніп тұр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«ІІМ есірткі тарату әрекеттерін қатаң түрде тоқтатады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді Әмірханов.


