Адам құқығын қорғайтын FairSquare коммерциялық емес ұйымы Джанни Инфантиноны Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенттігіне сайлауға жібермеуді талап етті. Себеп — мерзім шектеуінің бұзылуы, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Басылымда айтылғандай, ұйым Инфантиноның төртінші мерзімге кандидатурасын ұсынуы жарғыға қайшы келеді: ереже бойынша президент қызметті үш мерзімнен артық атқара алмайды. Ал 2022 жылы ФИФА комитеті Инфантиноның 2016-2019 жылдардағы (оның бірінші мерзімі) жұмысын есепке алмау туралы шешім қабылдаған, себебі ол Йозеф Блаттердің үзілген мерзімін аяқтаған делінген.
FairSquare бұл мерзімді есепке алу керек деп санайды, өйткені бұл мәселеде ешқандай ерекшелік болмауы тиіс.
Инфантино 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жазба жариялап, турнирді сынаушыларға медитация жасап, дұға етуді ұсынды. Турнирдегі ең үлкен жанжал — АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунның қызыл картасын АҚШ президенті Дональд Трамптың өтініші бойынша кейінге қалдыру болды. Инфантино тәртіптік органдардың шешімі тәуелсіз болғанын мәлімдеді.
Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін көп ұзамай Инфантино құқықтардың бір бөлігін үшінші тарап инвесторларына сату жоспарын жариялады. Бұл футбол қауымдастығында теріс реакция тудырып, 2030 жылғы әлем чемпионатын бойкоттау қаупін туғызды. Бұл туралы алғаш болып Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы мәлімдеді. Қатты сынға байланысты ФИФА бұл идеядан бас тартты.


