«ForteBank» АҚ мен Кореяның экспорт-импорт банкі (KEXIM Bank) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат екі қаржы институтының ұзақ мерзімді серіктестігіне негіз қалайды. Қол қою рәсімі Сеулде «Оңтүстік Корея – Орталық Азия» саммитіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Келісім ForteBank-тің корей компанияларымен жұмыс істейтін клиенттерінің трансшекаралық келісімшарттарын қаржыландыруға 70 млн долларға дейінгі қаражат тартуды көздейді.
«KEXIM Bank-пен ынтымақтастық клиенттеріміздің сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мүмкіндіктерімізді кеңейтеді. Клиенттеріміз үшін бұл ең алдымен өз жобаларын жүзеге асыруға қолайлы орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу деген сөз», – деді ForteBank басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.
ForteBank Оңтүстік Корея серіктестерімен ынтымақтастықты дамытып жатқан қазақстандық компаниялармен қазірдің өзінде жұмыс істеп келеді. Басым келісімшарттар қатарында технологиялық және өнеркәсіптік жабдықтар, техника және басқа да тауарларды жеткізу бар. Жаңа серіктестік қолданыстағы клиенттердің де, корей бизнесімен жаңа бағыттарды дамытып жатқан компаниялардың да қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 14.07.2026 жылғы №1.1.965.133 лицензиясы «ForteBank» АҚ-ға берілген.
**PR құқығында.


