Freedom банкі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатқа Freedom банкінің Астанадағы филиалының директоры, басқарушы директор Ардақ Елеусізов пен «Дарын» РҒПО директоры Тимур Давлет қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Серіктестік аясында банк алты ірі республикалық олимпиаданы қолдайды. Жүлделі орын алған оқушыларға және жеңімпаздарды дайындаған педагогтерге ақшалай сыйақы қарастырылған.

Банк өкілдерінің мәліметінше, алғашқы бірлескен жоба — ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада болды. Марапаттау рәсімі 20 қарашада Астанада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 200-ге жуық жүлдегер Freedom банкінен ақшалай сыйақы алды. Төлем мөлшері алған орнына байланысты: I орын үшін оқушыға 150 мың теңге, оның педагогіне 100 мың теңге, II орын үшін тиісінше 100 мың және 50 мың теңге, III орын үшін 50 мың және 25 мың теңге қарастырылған.

«Қазақстанда талантты балалар көп, әрқайсысының өз қабілетін ашуға мүмкіндігі болғаны маңызды. Оқушылардың дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдауға қуаныштымыз. Оқушылардың жетістігінің артында әрдайым педагогтердің еңбегі тұрады, біз үшін олардың үлесін атап өту маңызды», — деді Freedom банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Осы оқу жылында ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға 135 мың оқушы тіркелді. Жарыс 13 жалпы білім пәні бойынша өтеді: 6 — жаратылыстану-математикалық, 7 — қоғамдық-гуманитарлық бағытта. Оның мақсаты — Қазақстанның барлық өңіріндегі қабілетті оқушыларды анықтап, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

Freedom банкі мен «Дарын» РҒПО ынтымақтастығы білімге деген ұмтылыстың нақты қолдауға ие болуына бағытталған. Еске салайық, 2024 жылы Freedom банкі Freedom Grants жобасын жүзеге асырып, Қазақстанның 15 қаласындағы 340 білім грантына 1 млрд теңге бағыттады. Бағдарлама 22 жоғары оқу орнын және IT-ден педагогика мен ауыл шаруашылығына дейінгі сұранысқа ие мамандықтарды қамтыды. Мектеп олимпиадаларын қолдау — осы бағыттағы тағы бір қадам, ол білімді әр кезеңде қолдауға және жас таланттардың алға ұмтылуына көмектеседі.

*PR ретінде. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берген № 1.1.551.129 универсалды банктік лицензиясы, 07.07.2026 ж.