Нидерландтық фридайвер Жанин Ирина Грасмейер 33 жасында өмірден өтті. Ол тыныс алу аппаратынсыз 92 метр тереңдікке сүңгіп, әлемдік рекордтар орнатқан еді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Спортшының қайтыс болғаны туралы оның отбасы қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткен соң мәлімдеді. Грасмейер 16 қарашада дүниеден өтті. Өлімнің себебі жарияланбады.
Фридайвер 1993 жылы Эммен қаласында дүниеге келген. Маастрихте медицина оқып, соңғы күндеріне дейін сонда тұрды.
Грасмейер фридайвингпен Таиландқа сапардан кейін айналыса бастады. 2013 жылы, 20 жасында, ол алғашқы әлемдік рекордын орнатты.
2016 жылы спортшы өз рекордын жақсартып, тыныс алу аппаратынсыз 92 метр тереңдікке сүңгіді. Су астында ол 3 минут 46 секунд болды. Оның жетістігі екі жылға созылды, кейін италиялық Алессия Цеккини нәтижені бір метрге арттырды.
Айта кетейік, Грасмейер фридайвингтің басқа да түрлері бойынша ұлттық рекордтар орнатты, оның ішінде тынысты 6 минут 31 секунд ұстау бойынша да.
«Ол мейірімді, ашық, білуге құштар және күшті жан еді. Ол үшін тым қиын деген міндет болмады», — делінген отбасының мәлімдемесінде.


