- 04 сәу. 2015 00:00
- 333
Футбол туралы қызықты 7 факт
1. Норвегия ұлттық құрамасы, Бразилия құрамасымен ойнап жеңілмеген жалғыз команда. Аталмыш екі команда өзара төрт рет кездескен. Норвегия құрамасы екі рет жеңіп, екі рет тең түскен.
2. 2010 жылы Барселона клубы Qatar Foundation ұжымымен демеушілік келісім шартқа отырды. Бұл шарт бойынша Барселона клубы Араб елдерінде сатылатын өзінің футболкаларындағы логтиптерді өзгерту керек еді. Логотиптегі мұсылмандардың сенімдеріне қайшы келетін крест белгісін өзгерту керек болатын. Барселона клубы бұл шартпен келісті және логотиптегі горизонталь жатқан қызыл сызықшаны алып тастады.
3. 1998 жылы Конго Демократиялық Республикасында болған матчта, алаңға найзағай түседі. Нәтижесінде қонақ болып келген команданың 11 футболшысы өледі, жанкүйерлерден 30 шақты адам күйік жарақатын алады. Бір қызығы – алаң иелерінің 11 ойыншысына ешнәрсе болмайды.
4. Англия чемпионаты тарихы бойынша "ойнап жүріп жаттықтырған" ең жас жаттықтырушы әлі күнге дейін Айвор Бродис (Ivor Broadis) болып табылады. 1946 жылы ол Карлайл Юнайтед командасын жаттықтыра бастады, ол кезде оның жасы небәрі жиырма үште еді. Содан үш жылдан кейін ол өзін Сандерленд командасына 18 мың фунтқа сатты, ол кезде бұл сумма ірі болатын.
5.Гуус Хиддинк өзінің бапкерлік кәсібін «Де Графсхап» командасында бастады. Сол командада 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейін, ол өзінің кәсібін ПСВ (Philips Sport Vereniging, PSV) командасында жалғастырды. ПСВ командасында өткізген 1 жылдан кейін, «Де Графсхап» командасының жанкүйерлері өз қалталарынан 40 мың гульден жинап, Гуус Хиддинкті қайта «Де Графсхап» командасына алдыртты.
6. Гондурас құрамасының Сальвадор құрамасынан жеңілуі, аталмыш екі елдің арасында 6 күндік қақтығыстар туғызды.
7. Футбол тарихында төрешілердің өз өздеріне қызыл қағаз көрсеткен уақиғалары да болған. “Питерборо Норт Энд” – “Роял Мэйл” матчында төрелік еткен Энди Уэйн өз өзіне қызыл қағаз көрсеткен. Ол матчта қақпашымен кезекті рет ерегісіп қалып, жағдайды ушықтырмас үшін өз-өзіне қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан кете барған. “Саутгемптон Армс” және “Херстборн Таррант Бритиш Легион” командалары арасындағы матчты төрелік еткен Мелвин Силвестр, бір футболшымен ерегісіп, оны ұрып, содан кейін өзіне қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуылған.