Рейд барысында полицейлер 23 жастағы ер адамды анықтады, ол гидроциклді пайдалану ережелерін өрескел бұзған. Ол шара қолдану үшін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінде тексеру барысында үш бұзушылық анықталғанын хабарлады: гидроциклді құқығы жоқ адамға басқаруға беру, куәліксіз басқару және құтқару кеудешесінсіз пайдалану. Барлық фактілер бойынша кінәлілер жауапқа тартылды.
Полиция мұндай бұзушылықтар демалушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін және көпшілік орындарда жол берілмейтінін атап өтті. Құқық қорғаушылар профилактикалық рейдтер жаз бойы жалғасатынын және кез келген бұзушылықтың жолы кесілетінін ескертті.
Бұған дейін Жетісу облысындағы Алакөл көлінде әйел адам катердің винтіне түсіп, екі аяғынан айырылды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.


