Заманауи нейрожелілер өз мүмкіндіктерімен таң қалдыруды жалғастыруда. GPT-6 Astra жасанды интеллектінің жаңа моделі адамдарды компьютерлік бағдарламалардан ажырату үшін арнайы әзірленген барлық тексеруден өте алды. Ол I’m Not a Robot ойынының 48 тапсырмасын сәтті орындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Модельдің мүмкіндіктерін көрсететін бейнероликті әзірлеуші Шариф Шамим жариялады. «Astra I’m Not a Robot ойынының барлық 48 деңгейінен сәтті өтті», — деп жазды ол.

Ойын «Мен робот емеспін» деген жазудың жанына құсбелгі қою сияқты қарапайым өтініштен басталады. Алайда кейін тапсырмалар айтарлықтай күрделене түседі: ойыншы суреттерден заттарды тауып, басқатырғыштарды шешіп, қажетті түймелерді басуы керек.

Бұрын мұндай тексерулерді тек адам ғана дұрыс орындай алады деп есептелетін. Алайда эксперимент заманауи жасанды интеллекттің де тапсырмаларды түсініп, қажетті әрекеттерді өздігінен орындай алатынын көрсетті.

OpenAI компаниясы GPT-6 Astra веб-сайттар мен бағдарламаларды пайдалана алатынын хабарлады. Мысалы, модель ақпарат іздеп, құжаттарды толтырып, компьютерде басқа да әрекеттерді орындай алады.

Дегенмен, алынған нәтиже жасанды интеллект кез келген сайттың қорғанысын айналып өте алады дегенді білдірмейді. I’m Not a Robot — бұл ойын-сауық ойыны, нақты қауіпсіздік жүйесі емес.