Сатылымға әлі шықпаған Grand Theft Auto VI ойыны беделді The Game Awards 2026 жүлдесінде номинация саны бойынша көш бастады. Rockstar Games студиясының жобасы бірден сегіз санатта ұсынылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жыл сайынғы ойын жүлдесінің ұйымдастырушылары үміткерлер тізімін жариялады. Релизі 19 қарашаға белгіленген күтілетін экшен басты жүлде — «Жыл ойыны» атағы үшін, сондай-ақ үздік режиссура, әңгімелеу, көркемдік безендіру, саундтрек және дыбыс дизайны номинациялары үшін де бақ сынайды.

Басты кейіпкер Люсияны дыбыстаған актриса Мэнни Л. Перес үздік актерлік ойын номинациясына ие болды. The Straits Times басылымы атап өткендей, әлі шықпаған жобаның тізімге енуі іріктеу ережелеріне байланысты мүмкін болды: биыл жүлдеге қатысудың соңғы мерзімі 20 қарашада аяқталады — бұл ойынның PlayStation 5 және Xbox Series X|S консольдерінде ресми релизі шыққаннан кейінгі келесі күн.

Құрамында 160-тан астам бейінді басылым мен автор бар қазылар алқасының мүшелері жобамен дауыс беру жабылғанға дейін алдын ала танысып үлгерді. Басты жүлде үшін боевиктің бәсекелестері қатарында Resident Evil Requiem, Control Resonant, 007 First Light, Phantom Blade Zero және The Legend of Zelda: Ocarina of Time ремейкі бар. Жүлде иелері 10 желтоқсанда Лос-Анджелесте өтетін салтанатты рәсімде аталады.