Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Дортмундтағы Гран-приде үздік нәтиже көрсетіп, алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ұлттық құрама Германияның Дортмунд қаласында өткен Гран-при сериясындағы турнирде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Қазақстандық спортшылар алты алтын, төрт күміс және бес қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.

Турнир чемпиондары: Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Мерей Мәулетханов (77 келіге дейін).

Күміс медальдарды Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін) жеңіп алды.

Қола жүлдегерлер: Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін) және Диас Кәлен (87 келіге дейін).

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 15 медаль бар, бұл командаға турнирдің жалпы есебінде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.