Күнделікті жоспар биология 6 сынып
Сабақ: 22
Тақырыбы: §24. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлерін жеке - жеке көрсету. Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – гүлшоғырлар, биологиялық маңызы туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: Т. Ғалиевтің «Жүйелі оқыту әдісінің» элементтері
Сабақтың көрнекілігі: «Гүлшоғырлар» электронды көрсетілім, гүлшоғырлардың кеппе шөптері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Біздің сабағымыз 4 бағытта жүргізілмек:
1. Ой қозғау ( нені білеміз?)
2. Іздену ( нені білгіміз келеді?)
3. Ой қорыту ( нені білдік?)
4. Ой дамыту ( танымдық ойындар)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Ой қозғау (нені білеміз?)
1. Гүл дегеніміз не?
2. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.
3. Гүлсерігі деп қандай бөліктерін айтады және олар қалай бөлінеді?
4. Қос жынысты деп қандай гүлдерді айтады?
5. Дара жынысты гүлдердің ерекшелігі неде? Неліктен тек аталық гүл немесе аналық гүл дейді?
6. Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктердің бір - бірінен айырмашылығын мысалмен түсіндіріңдер.
7. Гүл формуласы қалай белгіленеді?
8. Жыныссыз гүлдердің ерекшелігі неде? Мысал келтіріңдер.
9. Қызғалдақ гүлінің формуласын жаз.
10. Асбұршақ гүлінің формуласын жаз.
11. Алабота гүлінің формуласын жаз.
12. Картоп гүлінің формуласын жаз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Іздену (нені білгіміз келеді?)
Гүлшоғыр деп – гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады.
Толық нұсқасын жүктеу
Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы
<!--dle_leech_begin-->
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз701 қаралым
#биология#6 сынып#күнделікті сабақ жоспары#гүлшоғырлар#биологиялық маңызы
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

